Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК азаматтарға үш мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

Егер Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, онда Сізге бұл факті туралы ұлттық қауіпсіздік органдарына, прокуратураға немесе Call — центр 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарлау қажет.

20.11.2023
Қаралым саны: 59