Ауылшаруашылығы жануарларын есепке алу – жануаларға ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуге, союға және өлім – жітіміне бақылау жүргізуге жағдай жасайтын амал болып таблады. Жануарларды есепке алуды жүргізу үшін, оларды бірдейлендіру жұмысын атқару қажет. Бірдейлендіру құлаққа сырға салу, теріге таңба салу және микрочип енгізу арқылы жүзеге асады. Және де (мал иесінен өтініш түскен жағдайда) ветеринариялық төлқұжат беру мен АШМБ базасына енгізу.
2002 жылғы 10 шілдедегі ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабының 5 тармағына сәйкес, мал иелері ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізуге міндетті.
Сонымен қатар, «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесі» негізінде, бірдейлендіру төменгідей жастан бастап жүргізіледі:
- бұзаулар, қозылар, лақтар – 7 күннен кейін
- тұрғындардың жеке шаруашылығындағы торайлар – 3 айдан бастап
- құлындар – 4 айлықтардан бастап.
Бірдейлендіру жүргізу үшін мал иесі ауылдық округтің ветеринариялық дәрігеріне хабар беруге міндетті. Жеке меншігіндегі жануарларды бірдейлендіруге уақытында хабар бермегені үшін мал иелері әкімшілік жазаға тартылады.
Туған төл көрсетілген ережеге сәйкес бірдейлендіруден өткен жағдайда, ол уақытында ветеринариялық алдын алу шараларын алуға мүмкіндігі болады және өмірінің соңына дейін ветеринариялық дәрігердің бақылауында болады.
Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру құралдарына құлақ сырғалары, таңба және микрочипы.
Сіздердің көңілдеріңізді микрочиптерге аударғым келіп отыр. Микрочип терінің астына жіберіледі. Бұл шараны жүргізуге көп уақыт пен көп күш керек емес. Сонымен қатар микрочип өмірінің аяғына дейін ағзада сақталады. Микрочипті арнайы сканерлермен оқиды. Бірдейлендірудің бұл түрі жылқыларға өте ыңғайлы. Өйткені, теріге суық әдіспен таңба салу көп уақыт алады, және жылқылар мен осы шараға қатысушы адамдарға жара салу қауіпі бар. Чипті мал иелері өздері сатып алуы керек. Нарықта микрочиптер 650-800 теңге тұрады. Мал иелері чиптерді сатып алғысы келген жағдайда, «Ветеринарлық станция» ШЖҚ МКК-на өтінім жасауы керек. Чиптерге ветеринарлық станция нөмірлер тағайындайды. Тағайындалған нөмірлерді мал иесі өзінің таңдаған фирмасына жібереді. Чиптер келісімен мал иесі тағыда ветеринариялық станцияға чиптерді малдарға қойып беруге өтініш жасайды.Ауылдық округтің ветеринариялық дәрігері чипті қойып бергесін барлық мәліметтерді АШМБ базасына енгізеді. Мал иесі малдың төлқұжатын беруге өтініш жазған кезде, мал иесіне малының төлқұжаты беріледі.
Малдардың есебін жүргізуге арналған заманауи құрылғылар, қолдануға өте ыңғайлы және әр-бір малға қажетті ветеринариялық алдын алу шараларының уақытында жүргізілуіне бақылау жасауға жағдай жасайды.
Қаралым саны: 75