Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Встреча

Бүгін 2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмысы аясында Жамбыл аудандық мәслихатының төрағасы Л. В. Топорова Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Лариса Викторовна қатысушыларды Конституция жобасында көзделген негізгі ережелер мен өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру, Заң Үстемдігі қағидаттарын нығайту, әділ және ашық қоғам қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту және күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушыларға конституциялық реформалардың елді одан әрі дамыту үшін маңызы, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі туралы түсініктемелер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Ветеринариялық станция ұжымы Лариса Викторовнаға жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыс білдіріп, жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызды екенін атап өтті.