Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Құрметті Жамбыл ауданының тұрғындары!

Кәсіпорынның ветеринариялық мамандары ауылшаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге кіріскенін хабарлаймыз.
Емдеу шаралары ТЕГІН негізде жүргізіледі (вакцинациялау, ауыл шаруашылығы жануарларынан қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру).
Ауданның эпизоотиялық әл-ауқаты, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық емдеу шараларының уақытылы жүргізілуіне байланысты.
Өңдеу барысында түсіністік танытып, көмек көрсетуіңізді және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жануарлар мен құстардың бар болуы, олардың алуы және қозғалысы туралы ауылдық округіңіздің ветеринариялық дәрігеріне жедел хабарлауыңызды сұраймыз.