Сіздердің назарларыңызға Жамбыл ауданы аумағында ветеринариялық мамандар тарапынан барлық меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын жеткіземіз. Аталған іс-шаралар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, эпизоотиялық жағдайды бақылауға және жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған.
Осыған байланысты жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шараларға түсіністікпен қарап, ветеринариялық мамандардың қызметтік міндеттерін орындау барысында, соның ішінде жануарларды сәйкестендіру, профилактикалық өңдеулер жүргізу, вакцинациялау және диагностикалық зерттеулер өткізу кезінде өзара ынтымақтастық танытуларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, жануарлар иелері өздерінің ауылдық округі бойынша ветеринариялық дәрігерге немесе ветеринариялық фельдшерге ауыл шаруашылығы жануарларының бар екендігі, оларды сатып алу, есептен шығару және орын ауыстыруы туралы уақтылы хабарлауға міндетті екенін еске саламыз.
Ветеринариялық қызметпен өзара тығыз байланыс орнату және ақпаратты уақтылы ұсыну эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудың, жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты болып табылады.





