Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Тренинг

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК ветеринариялық фельдшері Трофимова Е.Н., БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы ұйымдастырған биологиялық материал сынамаларды алу бойынша 1 күндік тренингке қатысты. Күннің бірінші жартысында теориялық бөлім зерделенді, атап айтқанда келесі мәселелер: Ерекше қауіпті ауруларды диагностикалау кезінде биологиялық материалды іріктеуге қолданылатын ұлттық талаптар, стандарттар; Патогенезді ескере отырып биологиялық материалды іріктеу әдістемесі; Үлгілердің сапасы мен саны; Сынамаларды іріктеу құралдарын қолдану; Биологиялық қауіпсіздік шаралары; консерванттарды қолдану; Зертханаға әрі қарай тасымалдау үшін үлгілерді орау және тіркеу; Ілеспе құжаттама. Ал түстен кейін «Провиант Груп Дистрибьюшн" » ЖШС мал сою бекетінде тәжірибелік сабақ өтіп, олар алған білімдерін іс жүзінде көрсетіп, қолдана білді, сонымен қатар жануарлар мен құстардан биологиялық материалды іріктеу әдістемесін жетілдірді.