Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
Бүгін дүние жүзі - сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өтуде.

Бүгін дүние жүзі - сыбайлас жемқорлықпен күрес күнін атап өтуде.

Белгілі болғандай, Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен, 2003 жылғы 9 желтоқсанда жемқорлыққа қарсы Конвенсия қабылданған, 2003 жылы 31 қазанда Бас Ассамблея бекіткен.
Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады. Мемлекет-мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізуді міндеттейді және сәйкес заңнамаларды мақұлдайды.
Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының комплаенс қызметінің м.а. Б.А. Кобдиков жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді. Семинар сабағына ветерианриялық станциясының мамандары қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты: кәсіпорында кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру, мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты жандандыру. Атап айтсақ, жыл сайынғы Елбасы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігіне және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына және қылмысқа нөлдік төзімділік, барлық сыбайлас жемқорлық айқындарын қатал бұлтартпау қажеттігіне, заңнаманы жетілдіруге баса көңіл бөледі.