Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс
Қаңғыбас жануарлар санын реттеу

Қаңғыбас жануарлар санын реттеу

Қаңғыбас жануарлар деп иесін анықтау мүмкін емес, иесінен адасып кеткен, иесінің немесе жауапты адамның қарауынсыз қалған иттер мен мысықтарды атайды.
Адамдар мен жануарларға қауіп төндіретін қаңғыбас иттер мен мысықтарды қоршаған ортадан шығарудың (аулау және өлтіру) мақсаты ерекше қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын, адамдарды қабу және шабуылдау жағдайларын болдырмау болып табылады.
Ең жиі кездесетін аурулардың бірі – қаңғыбас иттер мен мысықтар құтыруы вирусының тасымалдаушысы бола отырып, жанасқанда (шабуыл, тістеу) адам мен жануарларға жұғуы мүмкін.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлтіру, қаңғыбас және жауапты адамның қарауынсыз қалған жануарларды уақытша орналастыру, қаңғыбас және жауапты адамның қарауынсыз қалған жануарларды анықтау, қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру иттер мен мысықтардың адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар жасауға, санитарлық талаптарды қамтамасыз етуге, эпидемиологиялық және ветеринариялық әл-ауқатты қамтамасыз ету және қаңғыбас жануарлардың санын реттеуге бағытталған.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес жануарларды өлтіруге мынадай жағдайларда жол беріледі: «Жануарлар адамға, жануарларға шабуыл жасалған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның басқа жануарлардың өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да жағдайлар».