2025 жылдың 9 сәуірінде «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринар мамандарымен және станция қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өтті, онда «Ветеринариялық станция қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық» және де «Солтүстік Қазақстан облысы соттарының әкімшілік істері бойынша ақшалай айыппұлдар салу бойынша сот тәжірбиесіне талдау 2023-2024 жылдары» жиналғандардың назарына ұсынылды.
Астана қаласындағы «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС өкілдері мен станцияның ветеринария мамандары «Zoom» конференциясы арқылы ветеринариялық станция қызметкерлерінің планшеттеріне орнатылған АШЖБ «Mobile» мобильді қосымшасы бойынша оқыту жүргізілді.