Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарыңызға амандық, бақыт тілейміз!
Жаңалықтар
