2025 жылғы 19 қыркүйекте Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясының мамандары полиция бөлімінің учаскелік инспекторларымен бірлесіп "Үй жануарларын чиптеу", "Үй жануарларын серуендету ережелері" атты аулалық рейд және жадынамалар таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарларының иелері арасындағы жауапкершілік деңгейін арттыру болды. Сондай-ақ иелері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.